Accessibility links

Таразда жарылыс болды


Қазақстан ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, бүгін Таразда жарылыс болған. Зардап шеккендер туралы әртүрлі мәлімет келіп түсіп жатыр.

"Қазақстан-Жаңалықтары" агенттігі бастапқы мәліметтерге сәйкес сенбі күні Таразда болған атыс пен жарылыста үш адам қаза болды деп хабарлады.

Ал "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің мәліметінше, облыстық әкімшілік ғимаратына жақын жерде болған жарылыстан бір адам мерт болған.

Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің кезекшісі Азаттық тілшісіне жарылыс туралы хабарды растағанымен, оның жай-жапсарын айтудан бас тартты. Ал облыстық төтенше жағдайлар қызметі "өздерінде ондай ақпараттың жоқ екендігін" айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG