Accessibility links

Оңтүстік Осетияда президент сайлауы өтіп жатыр


Цхинвалидегі Мәскеу ауданының сыртқы көрінісі.
Цхинвалидегі Мәскеу ауданының сыртқы көрінісі.
Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетия президент сайлауын өткізіп жатыр. Елдің Орталық сайлау комиссиясының басшысының айтуынша, сайлауға 11 кандидат түсіп отыр.

Қазіргі президент Эдуард Кокойтыға үшінші мәрте сайлауға түсуге тыйым салынған. Кокойты мен оның жақтастары Цхинвали әкімінің бірінші орынбасары Алан Котаевты қолдап отыр.

Мәскеу Оңтүстік Осетияның төтенше жағдайлар министрі Анатолий Бибиловты қолдайды. Ол Оңтүстік Осетияның Солтүстік Осетиямен бірігіп, Ресей Федерациясына қосылғанын қолдайды.
XS
SM
MD
LG