Accessibility links

Араб лигасының шешіміне сириялықтар қарсылық танытты


Сауд Арабиясы Сириядағы елшілігіне президент Башар әл-Асад жақтастарының жасаған шабуылын айыптады.

Жексенбі күні мыңдаған адам Дамаскіде Араб лигасының оппозициялық шерушілерін күшпен басып жатқан Сирияға санкция енгізуді қолдаған шешіміне наразылық танытты.

Араб лигасының Сирияға қатысты шешімі халықаралық тұрғыда қолдау тапты. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Араб лигасының шешімін «ержүректілік» деп бағалады. АҚШ президенті Барак Обама, Еуропа Одағы, Ұлыбритания мен Франция да Араб лигасын қолдады.
XS
SM
MD
LG