Accessibility links

Оңтүстік Осетияда президент сайлауының екінші кезеңі өтетін болды


Грузияның Абхазия және Оңтүстік Осетия аймағы
Грузияның Абхазия және Оңтүстік Осетия аймағы
Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетияда өткен президент сайлауында Кремль қолдайтын үміткер Анатолий Бибилов өзге үміткерлерден көп дауысқа ие болды.

Дауыс беру нәтижесінде қазіргі төтенше жағдайлар министрі Анатолий Бибилов сайлаушылардың 48,1 пайыз дауысын жинағаны хабарланды. 30,7 пайыз дауысқа ие болған бұрынғы білім министрі Алла Джиойева екінші орында тұр. Ешқандай үміткер сайлаушылардың басым көпшілігінің дауысына ие бола алмағандықтан, сайлаудың екінші кезеңі өтеді.

2008 жылы Ресей Грузиямен қақтығысып қалып, Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындағаннан бері осы аймақта президент сайлауы алғаш рет өткізіліп отыр.

Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін Ресейден өзге үш мемлекет мойындаған.
XS
SM
MD
LG