Accessibility links

Иранда BBC телеарнасының тілшісі тұтқындалды


BBC телеарнасының Лондондағы ғимараты. 6 қазан, 2011 жыл.
BBC телеарнасының Лондондағы ғимараты. 6 қазан, 2011 жыл.
BBC телеарнасының парсы тілі қызметінің тілшісі Мохсен Фатхи тұтқындалды. Ол өткен сенбі күні Израильдің қоқан-лоққысы жайында тікелей хабар таратқан еді.

Иран BBC-дің парсы тілі қызметін "революцияға қарсы бағдарламасы бар" деп тыйым салған болатын. Сондықтан елде телеарнаның ресми кеңсесі немесе қызметкерлері жоқ. Бірақ бағдарламаларын спутник арқылы таратады.

Қыркүйек айында ирандық бес кино түсіруші BBC-мен байланыс орнатты деп тұтқындалған еді. Оның екеуі қазанда кепілге босатылды.
XS
SM
MD
LG