Accessibility links

Марио Монти Италияның жаңа премьер-министрі болып тағайындалды


Италияның жаңа премьер-министрі Марио Монти. 11 қараша, 2011 жыл.
Италияның жаңа премьер-министрі Марио Монти. 11 қараша, 2011 жыл.
Италия президенті Джорджо Наполитано Еуропалық банктің бұрынғы вице-президенті Марио Монтиді елдің жаңа премьер-министрі етіп тағайындады.

Марио Монти алдағы күндері елдің жаңа үкіметін жасақтайды. Бұдан кейін парламент жаңа үкіметке сенім білдіріп, дауыс береді.

Еуропа одағының президенті Херман Ван мен Еуроодақ комиссиясының басшысы Жозе Мануэль Баррозу Марио Монтидің премьер болып тағайындалуын "Италия билігінің дағдарыстан шығуға бағытталған батыл қадамы" ретінде бағалады.

Бұған дейінгі премьер-министр Сильвио Берлускони қазанның 12-сі күні отставкаға кетті.
XS
SM
MD
LG