Accessibility links

Ресей Тәжікстан азаматтарын жұмысқа алуға уақытша тыйым салды


Ресей Мәскеуде жүрген 12 тәжік азаматын Тәжікстанға қайтарды. 12 қараша, 2011 жыл.
Ресей Мәскеуде жүрген 12 тәжік азаматын Тәжікстанға қайтарды. 12 қараша, 2011 жыл.
Ресей билігі Тәжікстаннан келетін миграттарды жұмысқа алуға уақытша тыйым салуды медициналық қажеттіліктен туындады деді.

Ресей мемлекеттік санитарлық қызметінің басшысы Геннадий Онищенко соңғы уақытта Тәжікстаннан келетін мигранттардың көпшілігінде ВИЧ және туберкулез ауруларының белгілері анықталғанын айтты. Онищенко тәжікстандық жұмысшыларда ол екі аурудың бар-жоғын қалай тексеретінін ашып айтпады.

Оның айтуынша, өткен жылы Тәжікстанның 188 азаматы денсаулығына байланысты елден шығарылған. Ал федералдық көші-қон қызметінің басшысы Константин Ромодановский таяуда Тәжікстанның 297 азаматы Ресей заңнамаларын бұзғаны үшін елден шығарылатынын хабарлады.
XS
SM
MD
LG