Accessibility links

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі мұнайшылармен кездесті


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов. 4 мамыр, 2010 жыл.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов. 4 мамыр, 2010 жыл.
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов кеше Жаңаөзен қаласында жұмыстан босаған мұнайшыларды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша кездесті" дейді халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Дәулет Арғандықов.

Оның айтуына қарағанда, вице-министр кеше Жаңаөзен қаласында ереуілге байланысты жұмыстан босаған "Өзенмұнайгаз" компаниясының бір топ жұмысшысымен кездескен. Кездесуге Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Жаңаөзен қаласының әкімі, бас прокуратураның өкілі қатысқан.

Дәулет Арғандықов кездесуде бұдан өзге қандай мәселелер сөз болғанынан хабарсыз екенін айтты.
XS
SM
MD
LG