Accessibility links

Қазақстан президенті мәжілісті тарату ұсынысына қатысты кеңес өткізді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімовпен, сенат пен мәжілістің спикерлері Қайрат Мәми және Орал Мұхамеджановпен парламент сайлауын өткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Бұл туралы бүгін Кәрім Мәсімов өзінің "Твиттердегі" блогында жазады.

Өткен аптада мәжіліс депутаттары президентке мәжілісті мерзімінен бұрын таратып, парламент сайлауын өткізу жөнінде ұсыныс жасаған болатын.

Парламент туралы заңға сәйкес, президент депутаттармен және премьер-министрмен кеңесіп, мәжілісті мерзімінен бұрын таратуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG