Accessibility links

Газ экспорттайтын елдердің басшылары Катарда кездесті


Катарда өтіп жатқан саммитке қатысушы елдердің президенттері мен министрлері. Доха, 15 қараша, 2011 жыл.
Катарда өтіп жатқан саммитке қатысушы елдердің президенттері мен министрлері. Доха, 15 қараша, 2011 жыл.
Әлемдегі газды ең көп экспорттайтын елдердің басшылары бүгін Катардың астанасы Дохада алғашқы саммитін өткізіп жатыр.

Газ экспорты мен оның бағасына қатысты мәселелер талқыланатын Газ экспорттаушы елдердің саммитіне Иран президенті Махмуд Ахмединежад, Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің басшысы Мұстафа Абдул Жәлил қатысып жатыр. Қазақстан, Норвегия және Нидерланды ұйымға бақылау жасайды.

Ұйымға кіретін елдер әлемдегі газ қорының 70 пайыздан астамына иелік етеді.
XS
SM
MD
LG