Accessibility links

Назарбаев мәжілісті тарату туралы ұсынысты қарауға уәде етті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 1 қыркүйек 2011 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 1 қыркүйек 2011 жыл.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "қоғамның көппартиялы парламентті қажет етіп отырғанын мойындап, депутаттардың мәжілісті мерзімінен бұрын тарату туралы ұсынысын қарауға уәде берді" деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңескен премьер-министр Кәрім Мәсімов, сенат төрағасы Қайрат Мәми және мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов депутаттардың ұсынысын қолдайтындарын білдірді.

Президентке депутаттардан мәжіліс пен мәслихат сайлауын бірге өткізіп жіберу жөнінде де ұсыныстар түскені айтылады баспасөз хабарында.

Кеңеске президент аппаратының жетекшісі Аслан Мусин де қатысқан.

Өткен аптада 53 депутат мәжілісті мерзімінен бұрын таратып, мәжіліс сайлауын өткізу жөнінде президент Назарбаевқа ұсыныс жасаған.
XS
SM
MD
LG