Accessibility links

Италия премьері бүгін президентке жаңа үкімет құрамын ұсынады


Италия премьер-министрі Марио Монти. Рим. 13қараша, 2011 жыл.
Италия премьер-министрі Марио Монти. Рим. 13қараша, 2011 жыл.
Италияның жаңадан тағайындалған премьер-министрі Марио Монти бүгін президент Джорджо Наполитаноға жаңа үкіметтің құрамын ұсынады.

Ел парламенті сенім білдіретін жаңа үкіметке қатаң экономикалық бағдарламаны жүзеге асыру міндеті қойылмақ. Бұл Италия банкроттыққа ұшырамай, халықаралық қауымдастықтан қаржылық көмек алады деген инвесторлардың сенімін қайта оятуға бағытталып отыр.

Бұған дейін сарапшылар Италияның дағдарысқа түсуі еуро айналымда жүрген өзге 17 елді де қаржылық дағдарысқа ұшыратады деп қауіптенген болатын. 68 жастағы Марио Монти отставкаға кеткен Сильвио Берлусконидің орнына 14 қарашада премьер-министр болып тағайындалды.
XS
SM
MD
LG