Accessibility links

Мәжіліс депутаттығына үміткерлерді тіркеу басталды


Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
«Қазақстан парламентінің мәжілісіне депутаттыққа үміткерлерді ұсыну 16 қарашада басталды» деп мәлімдейді «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Қуандық Тұрғанқұловқа сілтеме жасап.

Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, депутаттыққа партиялық тізім бойынша сайланатын үміткерлерді ұсыну 5 желтоқсанда аяқталады. Үміткерлерді тіркеу 16 қараша мен 15 желтоқсанның аралығында жүреді.

Мәжілістің 98 депутаты партиялық тізім бойынша жалпыға ортақ, тікелей және тең құқылы түрде құпия дауыс беру жолымен сайланады. Қалған 9 депутатты Қазақстан халықтары ассамблеясы ұсынады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның 16-сы күні мәжіліс депутаттарын мерзімінен бұрын таратып, 2012 жылы қаңтардың 15-інде мәжіліс депутаттарын сайлауды белгілеген болатын.
XS
SM
MD
LG