Accessibility links

Шешенстанның танымал ақынын Мәскеуде өлтіріп кетті


Шешенстанның ақыны Руслан Ахтаханов.
Шешенстанның ақыны Руслан Ахтаханов.
Шешенстанның антисепаратистік көзқарасты ұстанатын 58 жастағы ақыны Руслан Ахтахановты Мәскеуде өз үйінің жанында белгісіз біреулер атып өлтіріп кетті.

Қастандық жасаған адам сол жерде көлікке отырып ізін жасырған. Ресейлік тергеушілер Ахтахановты тапсырыспен өлтірген болуы мүмкін деп санайды.

Руслан Ахтахановты жұрт оның "Мен әлемге батыр ұлдар берген Шешенстанды мақтан тұтамын" деген кітабы арқылы жақсы таниды. Ол өлең жазуды сепаратистер өзін жер астындағы орында жасырын ұстаған кездерінде бастағанын айтқан. Ресей баспасөзіндегі мәліметтерге қарағанда, оны 1998 жылы тұтқында ұстап, ақша талап еткен.

Оны Шешенстандағы өзінің туған ауылына жерлейді.
XS
SM
MD
LG