Accessibility links

"Нұр Отан" партиясы 25 қарашада 14-съезін өткізеді


"Нұр Отан" партиясының Астанадағы кеңсесі. 16 қазан, 2011жыл.
"Нұр Отан" партиясының Астанадағы кеңсесі. 16 қазан, 2011жыл.
"Нұр Отан" партиясының төрағасы, президент Нұрсұлтан Назарбаев 25 қарашада партияның ХІV съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.

"Нұр Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл қаулыға қол қойғаны туралы оның бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин брифингте мәлімдеген.

Съезде партиялық тізім бойынша сайланатын үміткерлердің тізімі бекітіліп, сайлауалды бағдарламасы қарастырылады.
XS
SM
MD
LG