Accessibility links

АҚШ Барак Обамаға қастандық жасамақ болған адамды соттайды


АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде сөз сөйлеп тұр. Вашингтон. 21 қазан, 2011 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде сөз сөйлеп тұр. Вашингтон. 21 қазан, 2011 жыл.
АҚШ билігі Ақ үйге оқ атқан 21 жастағы Оскар Ортега-Эрнандесті президент Барак Обамаға қастандық жасамақ болды деп айыптады.

Пенсильвания штатының Питтсбург соты бүгін Оскар Ортегаға президентке қастандық жасамақ болды деген айып тағып, өмір бойы түрмеде отыру жазасына кеспек. Оскар Ортеганы танитын куәгердің айтуына қарағанда, ол Барак Обаманы "антихрист" деп атап, оған қастандық жасағысы келген.

Қарашаның 11-і күні Ақ үйге атылған оқтардың көбі ғимарат сыртына кетіп, біреуі ғана оқ өткізбейтін терезеге тиген. Полиция бірнеше сағаттан соң сол маңда қалған көліктен жартылай автоматты тапанша тапты.

Оқ атылған кезде Барак Обама мен оның отбасы Вашингтонда болмаған. Зардап шеккен ешкім жоқ.
XS
SM
MD
LG