Accessibility links

Қаирде полиция мен шерушілер қақтығысы жалғасты


Қаирде сенбі күні болған қақтығыс. 19 қараша. 2011
Қаирде сенбі күні болған қақтығыс. 19 қараша. 2011
Қаирде екі адамның өмірін қиған полиция мен шерушілер арасындағы қақтығыс жексенбі күні тағы жалғасты.

Египетте кеше біраз топталған адам елдегі өтпелі әскери биліктің реформалары өте ақырын жүріп жатқанына халықтың наразылығын танытамыз деп алаңға шыққан. Полиция шерушілерге қарсы резіңке оқ атып, газбен таратқанда бірнеше адам жараланған.

Египеттің ақпарат агенттіктері хабарлағандай, денсаулық сақтау саласының өкілдері сенбі күнгі қақтығыстан 676 адам жараланды деп айтты.

Сенбі күні 5 мыңдай адам Қаирдің Тахрир алаңына жиналған. Мұндай шерулер Александрия мен шығыстағы Суез қаласында да өткен.

Бұл қақтығыс жайлы бүгін үкімет отырысында талқыланады деп айтылды. Қақтығысқа ұласқан наразылық шаралары елдегі парламенттік сайлауға бір апта қалғанда болып отыр.
XS
SM
MD
LG