Accessibility links

Алматыдағы базарда контейнер өртеніп, бір жігіт қаза болды


Алматы базарларының бірі. Көрнекі сурет.
Алматы базарларының бірі. Көрнекі сурет.
Алматының "Ялян" сауда орталығы жанындағы жарылыстан бір адам қаза тапты. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпарат агенттігі Өрт сөндіру қызметінің басқармасына сілтеме жасап хабар таратты.

Базардағы пиротехникалық заттар сататын контейнерден өрттен жараланған 18 жастағы жігіт жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

Алдыңғы мәліметтерге қарағанда, контейнерден шыққан өрт 30 текше метр жерге жайылған.
XS
SM
MD
LG