Accessibility links

Сирияда Түркиялық автобусқа шабуыл жасалды


Хомс провинциясының Хула тексеру-өткізу бекетіндегі әскерилер. Сирия. 4 қараша, 2011 жыл.
Хомс провинциясының Хула тексеру-өткізу бекетіндегі әскерилер. Сирия. 4 қараша, 2011 жыл.
Түркияның ақпарат көздері Сирияда зиярат жасаушыларды алып келе жатқан түркиялық автобустарға шабуыл жасалғанын хабарлады. Елдің солтүстігінде Түркиямен шекарадағы өткізу бекетінде Сирия әскерилерінің автобусқа жасаған шабуылынан жүргізуші мен жолаушы жарақат алды.

Анкара Башар әл-Ассадтың шерушілерге жасаған зорлық-зомбылығын сынап, Араб лигасының Сирияны ұйым құрамынан шығару шешімін қолдаған болатын. Содан бері екі елдің арасы шиеленісіп кетті.

Сирияның Араб лигасынан шығуын қолдамайтындар Түркияның дипломатиялық миссиясына, Катар мен Сауд Арабиясының елшіліктеріне шабуыл жасаған. Түркия бұған жауап ретінде Сириядан өз елшісін қайтарып алды.
XS
SM
MD
LG