Accessibility links

Египет үкіметі отставкаға кетеді


Египетті басқарушы әскери кеңестің басшысы фельдмаршал Хусейн Тантауи.
Египетті басқарушы әскери кеңестің басшысы фельдмаршал Хусейн Тантауи.
Египеттің ақпарат құралдары елді басқарып отырған әскерилер премьер-министр Эссам Шарафтың отставкасын қабылдағанын және жаңа үкіметті құруға келіскенін хабарлады. Бірақ келісім турасында егжей-тегжейлі ақпарат әлі таратылмады.

Әскерилермен елдегі саяси дағдарысты талқылаған саясаткерлер Әбу әл-алла Мади және Мұхаммед Селим әл-Аваның айтуынша, енді Эссам Шараф үкіметінің орнына жаңа үкімет жасақталады. Келісімнің жай-жапсарын Египетті басқарып отырған әскери кеңестің басшысы фельдмаршал Хусейн Тантауи жарияламақ.

Каирде елдегі басқаруды әскери биліктен азаматтық билікке тапсыруды талап еткен шерушілер мен полицияның қақтығысынан өткен сенбіден бері 24-ке жуық адам қаза тауып, 1200-ден астам адам жараланған.

Египетте қарашаның 28-інде парламент сайлауы өтпек.
XS
SM
MD
LG