Accessibility links

Йемен президенті биліктен кету жайын кеңеспек


Йемен президенті Әли Абдулла Салех. 15 сәуір 2011 жыл.
Йемен президенті Әли Абдулла Салех. 15 сәуір 2011 жыл.
Йеменнің мемлекеттік телеарналары "президент Әли Абдулла Салех өз еліндегі саяси жағдайды талқылау үшін Сауд Арабиясына барды" деп хабарлайды.

Әли Абдулла Салех Эр-Риядқа билікті өткізіп беру туралы келісім жасасуға барған. Келісім бойынша Әли Абдулла Салех билікті өзінің орынбасарына береді, есесіне биліктен кеткен соң ешқандай қуғынға ұшырамайды.

Йеменді 33 жыл басқарған Әли Абдулла Салех бұған дейін бірнеше рет билікті өткізіп беруге уәде етті, брақ оны орындамай келген.

Бірнеше айдан бері Салех билігіне қарсылар наразылық шерулерін өткізіп келген Йеменде полицияның зорлық-зомбылығынан жүздеген адам өліп, мыңдаған адам жараланды. Толқуларға елдегі ықпалды тайпалар мен әскерден қашқандар да қосылып жатыр.
XS
SM
MD
LG