Accessibility links

Пәкістан даудан соң АҚШ-тағы елшісін ауыстырды


Пәкістанның АҚШ-тағы жаңа елшісі Шерри Рехман.
Пәкістанның АҚШ-тағы жаңа елшісі Шерри Рехман.
Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гилани бүгін бұрынғы депутат және ақпарат министрі Шерри Рехманды Пәкістанның АҚШ-тағы елшісі етіп тағайындады.

Пәкістанның билеуші партиясындағы ықпалды тұлға Шерри Рехман қарашаның 22-сі күні отставкаға кеткен елші Хусейн Хакканидің орнына келді. Хаккани Пәкістанның әскерилерін басқаруға АҚШ-тан көмек сұрауға өзінің де қатысы бар деген сыбыстан кейін отставкаға кеткен еді.

Хусейн Хакканидің өзі мұны жоққа шығарды, елдің сыртқы істер министрі бұл ақпаратты "ойдан шығарылған" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG