Accessibility links

Беларусь саяси белсендіні бес жыл бас бостандығынан айырмақ


Беларусьтің адам құқықтарын қорғаушы белсендісі Алес Беляцкий. Киев, 16 қараша, 2011 жыл.
Беларусьтің адам құқықтарын қорғаушы белсендісі Алес Беляцкий. Киев, 16 қараша, 2011 жыл.
Беларусь прекурорлары бүгін салық төлеуден жалтарды деген айыппен белсенді құқық қорғаушыға бес жыл қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеуді кеспек.

Бас прокурор "Весна" ұйымының жетекшісі Алес Беляцкий ұйымға елде тыйым салынғаннан кейін шетелде банк есеп-шоттарын ашқаны үшін оның дүние-мүлкі тәркіленуі керек деген талап қойды.

Беларусь билігі Еуроодақ мүшелері Литва мен Польша Беляцкийдің ұйымның елдегі қызметін қолдау үшін осы елдерде банк есеп-шоттарын ашқаны туралы мәлімет алғананн кейін 4 тамызда тұтқындалған еді. Екі ел кейін өздері берген ақпарат құқық қорғаушыға қарсы айғақ ретінде пайдаланылғанына реніш білдірді.

2003 жылы Беларусь билігі "Веснаны" тіркеуден бас тартқаннан кейін ұйым кеңсесін шет елде ашуға мәжбүр болды.
XS
SM
MD
LG