Әзербайжандағы танымал публицист, Әлиев режимінің, әдебиеттегі советтік образдардың, саяси ислам мен Иранның сынаушысы Рафиқ Таги пышақ жарақатынан оңала алмаған күйі қарашаның 23-інде көз жұмды.
Азаттық радиосының Әзербайжан қызметінің хабарлауынша, 61 жастағы жазушы Бакудің №1 клиникалық ауруханасында қайтыс болған.
Журналист Рафиқ Тагиге қарашаның 19-ы күні белгісіз біреулер шабуыл жасап, пышақтап кеткен еді. Рафик Таги саяси-азаматтық көзқарасы үшін Әзербайжан жазушылар одағынан шығарылып, "Еуропа және біз" деген мақаласы үшін 2006 жылы үш жылға сотталып, түрмеде 8 ай отырған.