Йемен президенті Әли Абдулла Салех пен оппозиция билікті өткізіп беру келісіміне қол қойды.
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта араб мемлекеттері арағайындық еткен келісім бойынша Әли Абдулла Салех билікті орынбасарына тапсырады, есесіне оның қуғынға ұшырамауына кепілдік беріледі.
Йеменді 33 жыл басқарған Әли Абдулла Салех "Біз елді басқаруда оппозициямен ынтымақтасуға және дағдарыстан бүлінгендерді қалпына келтіруге дайынбыз" деді. БҰҰ Салехтің келісім-шарттарға қол қойғанынан кейін Нью-Йоркке емделуге келетінін айтты.
Бірнеше айдан бері Әли Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап еткендер наразылық шерулерін өткізіп келді. Оларды қауіпсіздік күштерінің басып-жаныштауы кезінде жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды.