Accessibility links

Литвиненконың өліміне қатысты қылмыстық іс қайта қозғалмақ


Ресей барлау қызметінің бұрынғы барлаушылары Александр Литвиненко (сол жақта) және Андрей Луговой. 14 қыркүйек, 2004 жыл.
Ресей барлау қызметінің бұрынғы барлаушылары Александр Литвиненко (сол жақта) және Андрей Луговой. 14 қыркүйек, 2004 жыл.
Ресей барлау қызметінің Лондонда уланып өлген бұрынғы барлаушысы Александр Литвиненконың әйелі Марина Литвиненко күйеуінің өліміне қатысты қылмыстық істі қайтадан жалғастыратынын айтты.

Ұлыбритания азаматы және Федералдық құпия қызметтің бұрынғы тыңшысы, 44 жастағы Александр Литвиненко 2006 жылы Лондонда полониум-210 радиоактивті затымен уланып өлген болатын.

Литвиненконың өлімін тергеген Ұлыбритания оның қазасына КГБ-ның бұрынғы тыңшысы Андрей Луговойды негізгі күдікті деп тапқан. Бірақ Ресей Луговойды Ұлыбританияға экстрадициялаудан бас тартты. Ал Ұлыбритания заңы бойынша, қылмыскерді сырттай соттай алмайтындықтан іс жабылған болатын.

Марина Литвиненко Азаттық радиосының Орыс қызметіне Ұлыбритания үкіметін күйеуінің өліміне қатысты қылмыстық істі коронерлік тергеуші арқылы қайта қозғауға көндіргенін айтты. Ол Лондон полициясы берген барлық айғақтардың бұлтартпас және жарамды екендігіне сенімді.

Коронерлік тергеу көбіне төрешілердің қатысуымен жүргізіледі, бірақ үкім шығара алмайды.
XS
SM
MD
LG