Accessibility links

Алматы соты ресейлік белсендіні 10 күнге қамауға шешім шығарды


Бүгін Алматының арнайы әкімшілік соты ресейлік белсенді Георгий Эпштейнді 10 күнге абақтыға қамау туралы шешім шығарды. Бұл туралы Азаттық радиосына "Қазақстанның социалистік қозғалысы" ұйымының белсендісі Арман Ожаубаев хабарлады.

Ол өздеріне Ресейден тәжірибе алмасуға келген Георгий Эпштейнді қазақ полициясы қарашаның 24-і күні таңертең ұстап әкеткенін айтты.

Бүгін түстен кейін Алматының арнайы әкімшілік соты Георгий Эпштейнді Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 394-бабының 2-тармағы бойынша ("ел аумағында жүріп-тұру тәртібін бұзу") айыпты деп тауып, 10 күнге қамауда ұстауға шешім шығарған.

"Қазақстанның социалистік қозғалысы" өкілдері полиция Эпштейнді Алматыда уақытша тіркелгеніне қарамастан, заңсыз жауапқа тартып отыр деп санайды.
XS
SM
MD
LG