Accessibility links

Дариға Назарбаева "Нұр Отаннан" сайланатын депутаттар тізіміне енді


Қазақстан президентінің қызы Дариға Назарбаева. Алматы, 11 қараша 2011 жыл.
Қазақстан президентінің қызы Дариға Назарбаева. Алматы, 11 қараша 2011 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева "Нұр Отан" партиясынан мәжіліске сайланатын депутаттардың тізіміне енді деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллиннің съезде жариялаған тізіміне барлығы 127 адам енген. Олардың арасында Дариға Назарбаева, мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, бұрынғы мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов және Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері бар. Нұрлан Нығматуллиннің өзі де тізімге ілінген.

Бұдан өзге, соңғы мәжілісті таратуды ұсынып президентке сұрау жолдаған бұрынғы депутаттар Нұртай Сабильянов пен Виктор Рогалев та партиялық тізімге енді. Съезд делегаттары партиялық тізімді қолдап дауыс берді.

Сайлау туралы заңнамаға сай, партиялық тізім бойынша мәжіліске 98 депутат сайланады.
XS
SM
MD
LG