Accessibility links

ЖСДП сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін жариялады


Азат ЖСДП партиясының тең төрағалары Жармахан Тұяқбай және Болат Әбілов екі оппозициялық партияның бірігу съезінде. Алматы, 24 қазан 2009 жыл.
Азат ЖСДП партиясының тең төрағалары Жармахан Тұяқбай және Болат Әбілов екі оппозициялық партияның бірігу съезінде. Алматы, 24 қазан 2009 жыл.
Қазақстандағы оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) бүгін Алматыда съезд өткізіп, кезектен тыс парламенттік сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін жариялады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

57 адамнан құралған тізімге бірқатар белгілі журналистер мен қоғам белсенділері енген. Олардың арасында партия басшылары Жармақан Тұяқбай, Болат Әбілов, Әміржан Қосановпен қатар Гүлжан Ерғалиева, Тоқтар Әубәкіров, Маржан Аспандиярова, Оразалы Сәбден, Ризада Жақыпбек бар.

Съезде сөз сөйлеген партия төрағалары егер әділ сайлау өтсе, жеңіске жететіндеріне кәміл сенетіндерін жеткізді.

Сонымен қатар ЖСДП–ны тіркелмеген «Алға» партиясы мен жұмысы 6 айға тоқтатылған Қазақстан Комунистік партиясы қолдайтындарын айтты.

Қазақстанда 15 қаңтарда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді.
XS
SM
MD
LG