Accessibility links

Пәкістан НАТО күштеріне жүк тасымалын тоқтатты


НАТО күштеріне жүк тасымалдайтын көліктер. Куетта, 20 қараша 2011 жыл.
НАТО күштеріне жүк тасымалдайтын көліктер. Куетта, 20 қараша 2011 жыл.
Пәкістан Ауғанстандағы НАТО күштеріне жүк тасымалын тоқтатты. Пәкістан мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Ауғанстандағы НАТО тікұшақтары бүгін Пәкістанның шекаралық бекетіне шабуылдап, 25-ке жуық сарбазды өлтірген.

Хайбер тайпалы аймағы әкімшілігінің ресми өкілі Мутахир Хуссаин «Франц-Пресс» агенттігіне берген сұқбатында «федералдық үкіметтен бұйрық түскен соң біз НАТО күштеріне арналған жүк тасымалын тоқтаттық» деп мәлімдеді. Оның алдында Пәкістанның ресми өкілдері Мохманд аймағындағы шекаралық бекетке жасалған шабуылдан 8 сарбаз мерт болды деп хабарлаған болатын.

НАТО өкілдері бұл оқиғаны тексеріп жатқандарын хабарлады.
«Біз Кунар шекарасында болған оқиғадан хабардар екенімізді растай аламыз. Біз бұл оқиғаны қазір зерттеп жатырмыз», - деді Ауғанстандағы халықаралық қауіпсіздік күштерінің баспасөз хатшысы генерал Карстен Якобсон.

Өткен жылы ауған шекарасына жақын жерде АҚШ тікұшақтары абайсызда Пәкістанның екі жауынгерін өлтірген болатын. Осыдан кейін Пәкістан Ауғанстандағы НАТО күштеріне жүк таситын көліктер үшін шекараны уақытша жауып тастаған еді.
XS
SM
MD
LG