Бүгін Алматыда "Ақ жол" партиясы сайлау алдындағы съезін өткізіп, парламенттің төменгі палатасының сайлауына түсетін үміткерлер тізімі мен сайлау алды бағдарламасын бекітті.
Партия тізіміне 79 адам еніп отыр, оның қатарында партия жетекшісі Азат Перуашев, оның орынбасары Людмила Жуланова, Бөріхан Нұрмұхамедов және Ерлан Барлыбаев бар. "Ақ жол" партиясының бұрынғы жетекшісі Әлихан Бәйменов партияның съезіне қатысқан жоқ, тізімге де енбеді.
Шілде айының басында Азат Перуашев президенттің "НұрОтан" партиясынан шығып, билікке жақын "Ақ жол" партиясына жетекшілікке келген болатын. Ақ жолдың бұрынғы жетекшісі Әлихан Бәйменов Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке төраға болып тағайындалған.
Қазақстан парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлаулары қаңтардың 15-де өтеді.