Ресей премьер-министрі Владимир Путин "Единая Россия" партиясының атынан президент сайлауына түседі. Бұл туралы партияның Мәскеуде өткен съезінде белгілі болды.
Путин делегаттарға өзін үміткер етіп ұсынғаны үшін рахмет айтты. Ол сондай-ақ Батыс елдеріне "Ресейдегі сайлауға араласпауды" ескертті. Путин: "Ресей - демократиялық әрі сенімді ел. Батыс елдері Ресеймен келісімге келе алады. Бірақ сырттан ештеңені күштеп таңа алмайды" деді.
Президент Дмитрий Медведев съезде сөйлеген сөзінде Путинді "Ресейдегі аса танымал, тәжірибелі және жолы болғыш саясаткер" деп атады.
Ресей парламенті президент сайлауын 2012 жылдың 4 наурызына белгілеген.