Accessibility links

Бішкек мэрі ұлының қылмысын ашуды талап етті


Бішкек мэрі Иса Омуркулов Азаттық радиосының Қырғыз қызметінде онлайн конференция өткізіп отыр. Бішкек. 28 шілде 2011жыл.
Бішкек мэрі Иса Омуркулов Азаттық радиосының Қырғыз қызметінде онлайн конференция өткізіп отыр. Бішкек. 28 шілде 2011жыл.
Бішкек мэрі Иса Омуркулов өзінің баласының жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық ісін қайта қозғауды талап етті.

Омуркулов егер баласының кінәсі дәлелденсе жазаланып, болмаса қылмыстық іс жабылуы керек деді. Ол баласының адам өлімі болған көлік апатына қатысты қылмыстық ісінің жабылуынан туындаған «барлық өсек-аяңдарға нүкте қойғысы келетінін» жеткізді.

Тамыздың ортасында мэрдің 29 жастағы ұлы Азамат Омуркулов мініп келе жатқан көлік Тоқмақ қаласына жақын жерде автокөлікпен соқтығысып, жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапқан. Азамат Омуркуловтың өзі жарақат алды.

Тергеушілер апатқа жол қауіпсіздігі ережесін бұзған мэрдің ұлы кінәлі деген. Тоқмақ қалалық соты қаза болғандардың туыстары айыптыға кешірім берді деп 24 қарашада істі жапқан болатын.

Иса Омуркулов жаңа сайланған президент Алмазбек Атамбаевтың социал демократиялық партиясының мүшесі. Оны ақпан айында қалалық кеңес мэр қызметіне сайлаған болатын.
XS
SM
MD
LG