Accessibility links

Еуроодақтың қаржы министрлері еуроның болашағын талқылайды


Еуро банкноттары. Көрнекі сурет.
Еуро банкноттары. Көрнекі сурет.
Еуроодаққа кіретін 17 елдің қаржы министрлері бүгін Бельгияда еуроның болашағына қатысты мәселелерді талқылайды.

Бельгия астанасы Брюссельде өтетін кездесуде қарыздары көбейіп, банкроттыққа ұшырауға шақ тұрған елдерге көрсетілетін көмек қорын ұлғайту қарастырылмақ. Кездесуге дейін АҚШ президенті Барак Обама Еуроодаққа несие дағдарысына қатысты қысым жасаған болатын.

Вашингтонда Еуроодақ мемлекеттерінің басшыларымен кездескен Обама оларға еуроны сақтап қалу және АҚШ пен әлемде қаржы дағдарысын болдырмау амалдарын жеделдетіп жасауға шақырды.

Еуроның өміршеңдігіне қатысты алаңдаушылық соңғы кезде Ирландия мен Грекиядағы дефолтқа, Италия мен Испаниядағы қаржылық қиындықтарға орай күшейіп кетті.
XS
SM
MD
LG