Accessibility links

Израиль Ливанның зымыранмен атқылағанын хабарлады


Израильдің Беэр-Шева қаласында орналасқан зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі. 21 тамыз 2011 жыл.
Израильдің Беэр-Шева қаласында орналасқан зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі. 21 тамыз 2011 жыл.
Израильдің әскери өкілі "Ливан кеше түнде елдің солтүстігіне зымырандармен соққы берді" деп хабарлады. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Израиль зымыран атылған аймаққа артиллериядан қарсы соққы жасады. Әскери өкіл Ливанның бұл әрекетін "қатаң шабуыл" деп атап, "Израиль аумағына зымырандардың атылмауына Ливан үкіметі мен әскері жауапты" деді.

2006 жылы Израиль Ливанда орналасқан Иран мен Сирия қолдайтын "Хезболла" ұйымының жасақтарымен 3-4 күн соғысқан болатын. Ол соғыста Ливан жағынан 1200, Израиль жағынан 160 адам қаза тапқан.

2009 жылдың қазанынан бері Ливан тарапынан мұндай шабуыл жасалмаған.
XS
SM
MD
LG