Өскемен қаласының прокуратурасы діни тақырыптағы үнпарақтарды таратты деген күдікпен үш азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзғандығы туралы іс қозғады деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Айжан Слямбаева.
Оның айтуынша, аталған үш адам өткен аптада ұсталған. Олардың екеуі Қызғызстанның азаматтары, біреуі Қырғызстаннан шыққан Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Олардың таратып жүрген діні Қазақстанда тіркелмеген.
Маусым айында Өскемен қаласының тұрғындары полицияға белгісіз біреулердің өз үйлерінің кіреберістеріне діни мазмұндағы әдебиеттерді қалдырып кететінін айтып шағымданған. Бұдан өзге, белгісіз адам тұрғындарға бір мәтінді ұсынған.
Сот үш азаматты заңсыз дін таратты деп таныды, енді оларға салынатын айыппұлдың көлемі анықталады дейді Айжан Слямбаева.