Accessibility links

"Әл-Қаида" гуманитарлық ұйым қызметкерін кепілге алғанын мәлімдеді


"Әл-Қаиданың" жетекшісі Айман әл-Зауахири.
"Әл-Қаиданың" жетекшісі Айман әл-Зауахири.
SITE барлау ұйымының хабарлауынша, "Әл-Қаида" ұйымының жетекшісі Айман әл-Зауахири өзі басқаратын ұйымның Пәкістанда ұсталған гуманитарлық ұйым қызметкерін кепілде ұстап отырғанын мәлімдеген.

Исламшыл интернет форумындағы бейнетаспада Айман әл-Зауахири "Әл-Қаиданың" 13 тамызда USAID ұйымының 70 жастағы қызметкері Уоррен Уанстайнды ұрлап әкеткенін айтады.

"Әл-Қаида" жетекшісі "егер өздерінің бірнеше талаптары орындалса, оның ішінде АҚШ-тың әуе күштері Ауғанстан мен Пәкістанға соққы беруін тоқтатса ғана" Уоррен Уанстайнды босататынын ескерткен.
XS
SM
MD
LG