Accessibility links

Алла Джиоева Ресей билігіне наразылығын танытты


Сайлауға түсу құқынан айырылған Алла Джиоева Цхинвалиде жақтастарына сөз сөйлеп тұр. Оңтүстік Осетия, 1 желтоқсан 2011 жыл.
Сайлауға түсу құқынан айырылған Алла Джиоева Цхинвалиде жақтастарына сөз сөйлеп тұр. Оңтүстік Осетия, 1 желтоқсан 2011 жыл.
Оңтүстік Осетияның президентігіне үміткер болу құқынан айырылған Алла Джиоева бүгін республикаға Кремльден келген ресми өкілдермен келіссөз өткізудің мәні жоқ екенін айтты.

Ресей билігін өзінің бәсекелесі Анатолий Бибиловтың жағына шығып кетті деп айыптаған Алла Джиоева Ресей президенті әкімшілігінің өкілі Сергей Викокуровпен кездескісі келмейтінін білдірді.

Алла Джиоеваның жақтастары 27 қарашадағы сайлау қорытындысын жарамсыз деп таныған жоғарғы соттың шешіміне наразылық танытып жатыр.
Ол наурызға қайта белгіленген президент сайлауына өзін үміткер етіп қатыстырмаса, жақтастарының ол сайлауға кедергі жасайтынын ескерткен болатын. Ал бүгін өзінің жақтастары Ресейде 4 желтоқсанда өтетін парламент сайлауына бармайтынын мәлімдеді.

Оңтүстік Осетияның тұрғындарында Осетиямен қоса Ресейдің де азаматтығы бар.
XS
SM
MD
LG