Accessibility links

Боралдайдағы атыста 7 адам қаза тапты


Қазақстан полициясы арнайы операцияда қаза тапқан Руслан Жолдыбаевты жерлеу рәсімінде. Ақтөбе. 4 шілде 2011
Қазақстан полициясы арнайы операцияда қаза тапқан Руслан Жолдыбаевты жерлеу рәсімінде. Ақтөбе. 4 шілде 2011
Алматы облысы Іле ауданының Боралдай кентінде болған қарулы қақтығыстан 7 адам қаза тапқан. Бұл туралы сенбі күнгі оқиғаға түсінік берген бас прокуратура мәлімдеп, арнайы операция кезінде қауіпсіздік күштері қарулы қарсылыққа тап болғанын айтты.

Қаза болғандардың бесеуі қылмыстық топтың мүшесі, ал екеуі ҰҚК-нің «Арыстан» арнайы жасағының екі қызметкері деп хабарланды.

Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков "террористік топтың қызметіне тосқауыл қойылды" деп мәлімдеді. Оның айтуынша, топ мүшелері қарашаның 8-інде Алматыда екі полиция қызметкерін өлтірген және тағы да қастандық әрекеттерін жүзеге асыруды көздеген.

Прокуратураның ресми сайтында топ жетекшісі 1977 жылғы Ағжан Хасенге қазанның 28-інде іздеу жарияланғаны айтылған.

Бас прокуратура террористік топтың жетекшісімен қоса басқа да мүшелерінің "көзі жойылғанын" хабарлай отырып, "олардың мәйіттерін анықтау жұмыстары жүргізіліп" жатқанын мәлімдеді.

Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша қылмыстық істер қозғалған.
XS
SM
MD
LG