Accessibility links

Египетте парламент сайлауының екінші кезеңі басталды


Каир маңындағы Маниял сайлау учаскесінде сайлаушылар дауыс беруге кезекте тұр. Египет, Каир, 28 қараша 2011 жыл.
Каир маңындағы Маниял сайлау учаскесінде сайлаушылар дауыс беруге кезекте тұр. Египет, Каир, 28 қараша 2011 жыл.
Бүгін Египетте өтіп жатқан парламент сайлауының екінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде үміткерлер парламенттің 498 орындық төменгі палатасындағы 52 орынға жекелей сайлауға түспек.

Сайлаудың өткен аптада болған алғашқы кезеңінде "Мұсылман бауырлар" партиясы көпшілік дауысқа ие болды. Одан кейінгі орында әсіре консервативті салафилік топ басым дауыс жинады.

Нобель сыйлығының лауреаты және Египеттің реформаторы Мұхаммед әл-Барадей исламшылдар халық толқуларына белсене қатысқан жастарды "басып тастады" дейді. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Египет басшыларын екі ел арасындағы 1979 жылғы бейбітшілік келісімін одан ары сақтауға шақырды.
XS
SM
MD
LG