Бүгін Германияның Бонн қаласында Ауғанстаннан 2014 жылы НАТО әскері шыққаннан кейінгі кезге арналған халықаралық жиын өтеді.
Жиынға 85 елдің, 16 халықаралық ұйымның өкілдері келмек. Қатысушылар арасында Ауғанстан президенті Хамид Карзай, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон және Иран сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехи бар.
Кеше немістің Spiegel басылымына сұхбат берген Хамид Карзай Ауғанстанға полиция, армия мен мемлекеттік институттарды құру үшін 2024 жылға дейін тұрақты көмек қажет екенін айтты.
Ал Пәкістан НАТО шабуылына байланысты бұл жиынға қатысудан бас тартқан еді.