Accessibility links

Италия қатаң экономикалық шаралар қабылдайды


Италия премьер-министрі Марио Монти.
Италия премьер-министрі Марио Монти.
Италия премьер-министрі Марио Монти экономиканы көтеру үшін 30 миллион еуроға есептелген қатаң экономикалық шаралар қабылданатынын хабарлады.

Марио Монти салық көлемін арттыру, зейнетке шығу жасын ұлғайтуды қамтитын қатаң шаралар елге ауыр тиетінін, бірақ оларды қабылдауға мәжбүр екенін айтты. Экономикалық өсімі баяулап қалған Италияның сыртқы қарызы жалпы ішкі өнімінің 120 пайызына тең.

Еуроодақтағы дефолтқа үшінші болып ұрынған Италияда өткен айда үкімет құрамы ауысқан болатын.
XS
SM
MD
LG