Мәскеуде жексенбі күні болған сайлауға наразылық танытқан 300-ге жуық адам тұтқындалды. Наразылық танытушылар "сайлауда бұрмалау болды" дейді.
Ресей ақпарат құралдары "полиция орталық сайлау комиссиясының ғимаратына қарай келе жатқан шерушілерді тоқтатты" деп хабарлады. Санкт-Петербургте де осындай наразылық білдірген 100-дей адам тұтқындалған.
4 желтоқсанда мемлекеттік думаға өткен сайлауда биліктегі "Единая Россия" партиясы 49 пайыз дауыс жинап, өзге партиялардан алға шыққан. Бұл партия 2007 жылғы сайлаудағы жеңісінен 15 пайыз аз дауыс алды. Халықаралық бақылаушылар сайлауда "Единая Россияға" бұра тартушылықтар болды деп мәлімдеді. Ал АҚШ Ресейдегі сайлау барысына алаңдаушылық білдірді.