Accessibility links

Беларусь белсендісіне тағы бір айып тағылды


Беларусь белсендісі Сергей Коваленко. Витебск, 5 желтоқсан 2011 жыл.
Беларусь белсендісі Сергей Коваленко. Витебск, 5 желтоқсан 2011 жыл.
Беларусь белсендісі, 36 жастағы Сергей Коваленконың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалдырылды. Консервативтік христиан партиясының мүшесі Коваленко 2010 жылдың қаңтарында Беларусьтің тыйым салынған ұлттық туын заңсыз ұстап шыққаны үшін 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған болатын.

Сот үкімі бойынша, Сергей Коваленко әр бейсенбі сайын өзі тұратын Витебск қаласының полициясына келіп тіркеліп тұруы керек, кешкі сағат 9 бен таңғы сағат 6 аралығында үйінде болуы тиіс. Ал 24 қарашада полиция Коваленконың әйеліне "күйеуінің енді бұдан былай кешкі сағат 7.30-дан кейін үйінде болуы керегін" ескерткен. Бірақ Сергей Коваленко жүріп-тұру кестесінің өзгергенін естігені және онымен келісетіні туралы құжатқа қол қоюдан бас тартқан. Сол күні оны тұтқындап әкеткен.

Сергей Коваленкоға "полиция қызметкерлерін балағаттады" деген айып тағылып, ісі сотқа жөнелтілді. Бірақ түрлі себептермен сот отырысы кейінге қалып келеді. Сергей Коваленкоға бұдан өзге Витебск қаласында екі ғимаратқа тыйым салынған туды іліп жатқанын көрсететін бейнетаспа бойынша екінші айып тағылып отыр.

Егер оның кінәсі дәлелденсе, жазасының қалған мерзімін еңбекпен түзеу колониясында өтеуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG