Accessibility links

Ресей оппозициясы бүкілхалықтық шеруге шығуға шақырды


Санкт-Петербургте сайлау барысына қарсы шерушілерді полиция қоршап тұр. Санкт-Петербург, 6 желтоқсан 2011 жыл.
Санкт-Петербургте сайлау барысына қарсы шерушілерді полиция қоршап тұр. Санкт-Петербург, 6 желтоқсан 2011 жыл.
Ресейдегі оппозициялық топтар әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды бүгін де сайлау барысына наразылық танытып, шеруге шығуға шақырды.

«Алаяқтар мен ұрылардың партиясына қарсымыз» деп аталатын топ наразылық шерулерін күн сайын кешкі сағат жеті жарымда өткізуге шақырып отыр. Ал «Әділ сайлау үшін» деп аталатын топ Facebook желісінде алдағы жексенбі күні (10 желтоқсанда) Ресей аумағында бүкілхалықтық наразылық шеруіне шығуға шақырды.

Наразылық шараларына 5 мыңға жуық адам қатысуға уәде берген. Ал Ресейдің автомобильшілер федерациясы жексенбіде Мәскеуде көлік қозғалысына кедергі келтіретіндерін мәлімдеді.

4 желтоқсанда Ресей парламентіне өткен сайлаудың ресми нәтижесі бойынша, билеуші «Единая Россия» партиясы бұрынғы сайлаудан 15 пайызға кем дауыс жинап жеңіске жетті. Бірақ оппозициялық топтар сайлауда Владимир Путин басқаратын «Единая Россия» партиясына бұрмалаушылықтар көп болды дейді.

Дүйсенбіден бері өтіп жатқан наразылық шаралары кезінде 800-ге жуық адам тұтқындалды.
XS
SM
MD
LG