Accessibility links

Ғалымдар Әбілқайыр ханның бас сүйегін қалпына келтіргенін мәлімдеді


Бүгін Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты мен басқа да ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғалымдары Ақтөбе облысы аумағындағы «Хан моласында» жерленген сүйек Әбілқайыр хандыкі екенін дәлелдегендерін мәлімдеді.

Алматыда баспасөз жиынын өткізген ғалымдар мұның бір дәлелі ретінде Әбілқайыр ханның қалпына келтірілген бас сүйегін әкеліп көрсетті.

Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов Венгрия астанасы Будапешт қаласының мұражайында Әбілқайыр хандікі деп болжанған мүрдеге антропологиялық зерттеулер жүргізіліп, бет әлпеті қалпына келтірілгенін айтты. Ол ханның бас сүйегі мен оның ұрпағының ДНК белгілері бірдей болып шыққанын да жеткізді.

Хангелді Әбжанов «Әбілқайыр хан Қазақстанның үш ғасырғы тарихын анықтап берген, сол кездегі Ресейге қосылу шешімі дұрыс болған» дейді.

Жиынға Әбілқайыр ханның тікелей ұрпақтары да қатысты.
XS
SM
MD
LG