Accessibility links

Еуроодақ дамушы елдерге берілетін көмегін тоқтататынын мәлімдеді


Еуро банкноты. Көрнекі сурет.
Еуро банкноты. Көрнекі сурет.
Еуропалық комиссия 2014 жылдан бастап дамушы Қытай, Үндістан, Бразилия, Қазақстан және Иран бастаған 19 елге көмек беруді тоқтататынын мәлімдеді.

Еуроодақтың дамушы елдер жөніндегі комиссары Андрес Пибалгс Еуроодақтың дамушы елдермен қарым-қатынасын өзгертіп, 2014 және 2020 жылдар аралығында енді кедей елдерге көмек беруге кірісетінін айтты.

Еуропалық одақ әлемдегі ең ірі донорлық ұйым. 2010 жылы дүние жүзі елдеріне берілген көмектің 50 пайызын (54 миллиард АҚШ доллары) Еуроодақ бөлді. Ал Еуропалық комиссия осы көмек қаржының 20 пайызына басшылық жасайды.
XS
SM
MD
LG