Accessibility links

Армения Кеден одағына қосылмайтынын мәлімдеді


Армения премьер-министрі Тигран Саркисян (сол жақта) және Еуроодақтың сауда істері бойынша комиссары Карель де Гюхт. Бельгия, Брюссель, 5 желтоқсан 2011 жыл.
Армения премьер-министрі Тигран Саркисян (сол жақта) және Еуроодақтың сауда істері бойынша комиссары Карель де Гюхт. Бельгия, Брюссель, 5 желтоқсан 2011 жыл.
Армения премьер-министрі Тигран Саркисян Ереванның Ресей, Беларусь және Қазақстан құрған Кеден одағына қосылу ниеті жоқ екенін мәлімдеді.

Қазанның соңында Санкт-Петербургке барған Саркисян "Армения Владимир Путиннің Кеден одағына қосылу туралы ұсынысына оң қарайтынын" айтқан еді.

Бірақ премьер-министр кеше Арманияның Ресей я Кеден одағына қосылғысы келетін басқа постсоветтік елдердің ешқайсысымен ортақ шекарасы жоқ екенін айтып, елінің Кеден одағына да, Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа да кірмейтінін айтты. «Кеден одағындағы әріптестеріміз ұсынып жатқан шарттар мен режимдердің ешқайсысын біз техникалық тұрғыдан қабылдай да, орындай да алмаймыз» деді ол.

Мұның есесіне Армения Еуроодақпен «терең, еркін сауда аймағын» құру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Еуроодақтың сауда істері бойынша комиссары Карель де Гюхт осы аптаның басында Брюссельде Тигран Саркисяннің Ереванның еркін сауда аймағын құруға қажетті алғышарттарды жасап қойғанын хабарлағанын айтты.
XS
SM
MD
LG