Accessibility links

Алмазбек Атамбаев жаңа парламенттік коалиция құруға тапсырма берді


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бішкекте өткен инаугурация кезінде. Қырғызстан, Бішкек, 1 желтоқсан 2011 жыл.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бішкекте өткен инаугурация кезінде. Қырғызстан, Бішкек, 1 желтоқсан 2011 жыл.
Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев бұрын өзі басқарған Социал демократиялық партиясына парламентте басқарушы жаңа коалиция құруға тапсырма берді.

Партия жетекшісі Чыныбай Турсунбековпен кездескен Атамбаев партияға билікті қолына шоғырландырмауды ескертті. Турсунбеков жаңа коалицияның құрамына бес саяси партияның төртеуінің өкілдерін кіргізуге тырысатынын айтты.

Бұрынғы президент Роза Отунбаева да осы Социал демократиялық партиясына 2010 жылғы парламент сайлауынан кейін жаңа коалиция құруды ұсынған болатын. Бірақ ол кезде Алмазбек Атамбаев басқарған партия өзге партиялардан жеткілікті қолдау таба алмаған болатын.
XS
SM
MD
LG