Accessibility links

Пәкістанда НАТО мұнай танкеріне шабуыл жасалды


Пәкістанның Белуджистан провинциясының картасы. Көрнекі сурет.
Пәкістанның Белуджистан провинциясының картасы. Көрнекі сурет.
Пәкістан полициясы кеше Белуджистан провинциясының оңтүстік-шығысындағы Кветта қаласында НАТО жүк көліктерін өткізетін терминалға зымыран шабуылынан 20 жүк көлігінің жанып кеткенін хабарлады.

Полицияның жоғары шенді өкілі Малик Аршад белгісіз қарулы адам НАТО-ның мұнай танкеріне зымыран атып, соның салдыранан 20 дай жүк көлігі жанып кеткенін айтты. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Шабуылды ешқандай топ өз мойнына ала қойған жоқ. Бірақ Талибан бұған дейін Ауғанстандағы АҚШ жетекшілік ететін 130 мың адамдық халықаралық коалиция күштеріне керек-жарақ жеткізудің жолын кесетінін ескерткен болатын.

АҚШ Ауғанстандағы коалиция әскеріне керек-жарақтың көпшілігін Пәкістан арқылы тасымалдайды.
XS
SM
MD
LG